Қала мен СалаҚала тіршілігі

34 лифт ауыстырылады

Халық санының өсуімен Нұр-Сұлтан қаласында жыл санап көпқабатты тұрғын үй құрылысының көлемі де ұлғая түсті. Сонымен бірге ескі тұрғын үйлерді қажетті инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен емес.

[smartslider3 slider=846]

Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда көпқабатты тұрғын үйлерде лифт жұмысының тоқтаусыз жұмыс істеуі маңыз­ды. Осы орайда Нұр-Сұлтан қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекция басқармасы биыл шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлердегі апатты жағдайдағы 34 лифт құрылғысын ауыстыруға тізім жасады. Тізімге сай жақында Қайрат Рысқұлбеков көшесі 7-үй мекенжайындағы тұрғын үйге жаңа 4 лифт орнатылды.

Негізінде лифт ауыстыру, жөндеу жұмыстарын Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында да жүргізуге болады. Бағдарламаға қатысу үшін пәтер иелерінің жалпы жиналысын өткізіп, онда лифтті ауыстыру немесе қайта жөндеу бойынша оң шешім шығарылуы керек. Сол шешім негізінде тұрғындар Республика даңғылы, 32-үй, 4-қабаттағы «Өркен қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне өтініш бере алады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button