Басты ақпаратСайлау - 2021

349 сайлау учаскесі ашылды

Елордада Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау үшін 349 сайлау учаскесі ашылып, 691 877 сайлаушы тіркелген.

«Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет. Азаматтардың демократиялық құқығы сайлауда дауыс беру барысында көрінеді. Сайлау – бұл елдің даму жолын халық анықтайды деген сөз. Елдегі сайлау институтының даму деңгейі қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Сондықтан болашақта өз сайлаушыларының мүддесін қорғайтын кандидаттарға дауыс беру мүмкіндігін пайдалану өте маңызды. 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Дауыс беру үшін елордада 349 сайлау учаскесі ашылды, 3322 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Елорда тұрғындары барлық мәселелер бойынша осы учаскелерге жүгіне алады» дейді қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Бектемісова.
Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға: «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан, «ADAL» саяси партиясынан, Nur Otan партиясынан, «Қазақстан Халық партиясынан», «Ақ Жол» демократиялық партиясынан кандидаттар қатысады.
Дауыс беру сайлау учаскесінің аумағында тіркелген тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдар, яғни аудандық әкімдіктер бекітетін сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізілетін болады. Сондықтан дауыс беру үшін учаскеңізді алдын ала білу маңызды.
Нұр-Сұлтанда мұны ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген объектінің (көше, үй) мекенжайын келесі сервистерде көрсете отырып, онлайн-режимде анықтауға болады:
1) Әкімдіктің веб-порталы astana.gov.kz арқылы (баннердің басты бетіндегі «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз»);
2) Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);
3) @smartastana_bot телеграм-боты («Қызметтер» бөлімінде).
Осы байланыс арналарының көмегімен сайлау учаскесінің нөмірін, орталықтың мекенжайын және атауын, сондай-ақ картадағы сайлау учаскесі орталығының орналасқан жері туралы белгіні тексеруге болады.
Сондай-ақ интернетке шығу мүмкіндігі жоқ адамдар үшін 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалып, өз учаскесін анықтай алады.
Сайлау қарсаңында «Белсенді сайлаушы» акциясы басталады, оның қорытындысы 5 қаңтарда жарияланады. Акцияның шарты бойынша, өзінің сайлау учаскесін онлайн-сервистер арқылы тексерген әрбір бес мыңыншы пайдаланушы сыйлыққа ие болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button