SportЖаңалықтар

Астанада әуесқойлар арасында мини-футболдан ІV Қазақстан чемпионаты басталды

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздегі үздік 21 команда қатысып жатыр.

01

Астана іргесіндегі «Мичурино» спорт кешенінде мини-футболдан Әуесқой Футбол Лигасы аясындағы ІV Қазақстан чемпионаты басталды.

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздегі үздік 21 команда қатысуда. Олардың қатарында 2015 жылғы жеңімпаз – «Есіл» сауда үйі» командасы бар. Былтыр Алматыда өткен жарыста топ жарған астаналық команда биыл өтетін mini EURO-2016 турнирінде ел намысын қорғайтын болады.

Ал биылғы жарысқа қатысушылар 5 топқа бөлініп ойнайды. Әр топтан үздік шыққандар плей-офф ойындарына шығады. Чемпионат жеңімпазы атанған команда mini EURO-2017 турниріне Қазақстан құрамасын жасақтап апаруға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, медальдар және сыйлықтар табыс етіледі.

Чемпионаттың бірінші күні «Дос­тар» (Астана) командасы Атыраудың «КеденТрансСервис» командасын 4:0 есебімен ұтса, «Номад» (Алматы) – «ЦОН Диастен» (Шымкент) командалары арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды. Ал былтырғы чемпион «Есіл» сауда үйі» командасы маңғыстаулық «Ақмәдина» командасын 10:0 (!) есебімен тізе бүктірді.

Чемпионат 2-30-31 шілде күндері Астана іргесіндегі «Мичурино» спорт кешенінің футбол алаңдарында өтеді.

Ойындар күнде сағат 11.00-ден – 20.00-ге дейін өткізіледі.

 

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button