Жаңалықтар

40 түрлі жеміс беретін ағаш

Нью-Йорк қаласындағы Сиракуз өнер университетінің базасында бір өзі қырық түрлі жеміс беретін ғажайып ағаш өсіп тұр.

Ғажайып ағаш аталмыш оқу орнының оқытушысы Сэм Ван Акен атты талантты селекционердің ұзақ жылдар бойғы еңбегінің жемісі екен. Ол 2008 жылы кәдімгі ағашқа әртүрлі жемісті ағаштың бұтақтарын теліп будандастырып бастайды. Ұзамай тәжірибесі сәтті болып, бұтақтар гүлдеп жеміс береді. Осыдан кейін жыл сайын ағаштың туыстық қасиетіне қарай сұрыптап алып, жеміс түрлерін теліп отырған. Бүгінде олардың саны қырыққа жетті.

жемис агашы

Көп текті ағашта өрік, шабдалы, алхоры, шие, бадам, алма және алмұрттың бірнеше түрі өсіп тұр. Әр жемістің пісетін мезгілі әртүрлі болғандықтан, бұл ағашты жыл он екі бойы өнім беретін фабрика деуге де болады. Жыл бойы ағаштың бойында ақ-қызыл түске боялған түрлі гүлдер өсіп тұрады.

Сэм бүгінге дейін осындай 16 гибрид ағаш будандастырған екен. Оларды Нью-Йорк саябағынан, мұражайлардан және де әлемнің түкпір-түкпіріндегі сауда орталықтарынан көруге болады.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button