Мәдениет

41 елден көрермен келді



Димаш Құдайбергеннің 30 жылдық мерей­тойына орай Түркияның Ыстанбұл қаласындағы әйгілі «Бешикташ» стадионында әлемге аңыз әншінің жеке шығармашылық кеші өтті.

Босфор жағалауындағы стадионға 42 мың көрермен сияды. Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылған. Түркия басылымдарының жазуынша, Димаштың жеке кешін тамашалауға әлемнің 41 елінен жанкүйерлер келген. Кеште ерекше форматтағы әндер шырқалды. Сондай-ақ түркия­лық белгілі өнер иелерімен дуэт орындалды.

Димаш Құдайберген Витебскте өткен «Славян базары – 2015» халықаралық ән байқауынан кейін көпшілікке таныла бастады. Бұл байқауда әнші Гран-приді жеңіп алды. Ал көпшіліктің сүйіспеншілігіне Қытайдың «Мен әншімін» жобасына қатысқан сәттен бастап бөленіп келеді. Бұл байқауда Димаш қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де таңдай қақтырды, өнеріне тәнті етті. Осыдан кейін көп ұзамай, Димаштың шетелдегі ең алғашқы жеке концерті Қытайда өтті. Қазірге дейін АҚШ, Жапония, Ресей сияқты көптеген елдің сахналарында өнер көрсеткен Димаш биыл жыл басында Димаш БҰҰ-ның көші-қон ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі атанған болатын. Ол тіпті 2021 жылы АҚШ Президенті Джо Байденнің инаугурациясы апталығының ашылуына арналған іс-шарада өнер көрсетті. 2023 жылы Димаш «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды.

Димаш Құдайберген 2019 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. 2023 жылы Димашқа «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді. Қазақ жігіті 2019 жылы «Азияның ең әдемі тұлғалары» рейтингінде 8-орында тұр.

 Іңкәр БАЙҒАБЫЛ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің
студенті




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button