42 градус ыстық, найзағай: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанада көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай соғады, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 жылы.
Алматыда көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр жауады, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз қатты ыстық 34-36 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 37-39 ыстық.