Sport

Олимпиада жүлдегерімен жүздесті

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова қаладағы 7-ші емханада жастармен кездесті.

Лондон Олимпиадасында ел абыройын асқақтатқан боксшы қызбен жүздесуді қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. Өйткені, дәл осы медицина мекемесінде 2008-ші жылдан бері ≪Шаңырақ≫ жастар денсаулық орталығы ашылған болатын. Орталықтың мамандары жастарға жаман әдеттен аулақ болып, түрлі аурулардың алдын алуды насихаттап келеді. Салауатты өмір салтын ұстанудың қандай жетістікке жеткізетінін оқушылар мен студенттерге Марина Вольнова да әңгімелеп берді. ≪Бізде жастар үшін спортпен айналысуға мол мүмкіндік жасалған. Замандастарыма айтарым, уақытты босқа өткізбей, сала-уатты өмір салтын ұстаныңдар. Сонда дені сау ұрпақ болып, еліміздің дамуына үлес қосамыз≫, – деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button