Жаңалықтар

5,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін барлық бағыт бойынша 40,9 мың жұмыс орны құрылады, оның 28,3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс орындары болады.

Жұмыспен қамтудың жол картасы жобалары 4 негізгі бағытқа бөлінген:
– Халықтың өмір сүру сапасын арттыру;
– ШОБ үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;
– Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
– Өңірлерде бизнесті дамыту.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 161 инфрақұрылымдық жобада құрылыс жұмыстары жүргізілуде, тағы 38-і іске асырудың бастапқы кезеңінде тұр.
Жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтарына барып, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатыса алады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары уақытша тіркелген адамдарды қоса алғанда, жұмыспен қамту органдарында жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар ретінде тіркелгендер, сондай-ақ жұмыстан босатылатын адамдар, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдар, студенттер қатарынан қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктейді және оларды инфрақұрылымдық жобаны іске асыратын жұмыс беруші-мердігерге жібереді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button