Жаңалықтар

5 мың азаматты қабылдады

Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарының азаматтарды қабылдау кезінде қандай сұрақтар қоятынын айтып берді.

[smartslider3 slider=1386]

«Биыл әріптестерімізбен бірге 5 мың қала тұрғынын қабылдадық. Сұрақтардың бір бөлігін қабылдау барысында шешсек, қалғандарын назарымызға аламыз. Сәрсенбі күні онлайн-қабылдауда тағы 14 отбасы қабылданды. Проблемаларды шешуге жүйелі негізде қараймыз. Келіп түскен мәселелерді, қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып, елорданы дамыту жоспарына енгіземіз. Мәселен, негізінен, әлеуметтік тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар салу, аудандарды абаттандыру, газдандыру, ұзақ құрылыстарды аяқтау және т.б. мәселелер түседі.

Президенттің тапсырмасы бойынша әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін жыл сайын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер, 40 мың оқушы орнына арналған 15 мектеп, 200 аула және қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды, «үй маңындағы дәрігер» нысандарын, дене шынықтыру-сауық­тыру кешендерін аштық, 9 елді мекенде газ тарату желілері салынып, іске қосылды, құрылысы ұзаққа созылған 57 үй аяқталмақ және т.б.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өзара байланысты нығайтуға әлеуметтік орталықтар көмектеседі. Олардың қатарында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы, тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, iQala орталығы, жастарға қызмет көрсету орталығы бар. Жалпы алғанда, тек биылдың өзінде аталған орталықтар қала тұрғындары тарапынан түскен 150 мыңға жуық өтінішті өңдеді.

Елорданы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамытып жатырмыз, оған сәйкес аудандарды орталықтандырып дамытудамыз. Бұл – әлеуметтік нысандар, аулалар/қоғамдық кеңістіктер және т.б. қадамдық қолжетімділікте орналасуы» деп жазды елорда әкімі өзінің Instagram парақшасында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button