Басты ақпаратҚала тіршілігі

5 мың тонна өнім әкелді

Екі айдан аса уақыт елордада өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде тауар өндірушілер 5 мың тоннаға жуық өнім әкелді. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

[smartslider3 slider=641]

«Өткен демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Ақмола облысының өнімдері ұсынылды. Елордада жәрмеңкелер 21 тамызда басталды. Бүгінге дейін еліміздің барлық облысынан келген тауар өндірушілер қатысты. Жалпы алғанда, тауар өндірушілер мен көтерме саудагерлер елордаға 5 мың тоннаға жуық өнім әкелді. Мұндай жәрмеңкелер өнімді нарықтық бағадан арзан сатуға мүмкіндік береді. Ұсынылған тауарлардың бәрі сертификатталған және ветеринарлық бақылаудан өткен. Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, санитарлық нормалар сақталды» деді әкім.

«Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысқан өңірлердің тауар өндірушілеріне және әріптестеріме алғыс айтамын! Мұндай жәрмеңкелерді, оның ішінде өз тауар өндірушілеріміздің қатысуымен өткізуді жалғастырамыз. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру үшін бірқатар шаралар қабылданды. Атап айтсақ: «айналым тетігі» жобасын жалғастырамыз, жоба бойынша қатысушылардың санын ұлғайттық, сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға бөлінетін соманы ұлғайттық. Сондай-ақ ет, көкөніс, сүт өнімдері, ірі нан пісіру кәсіпорындарымен, бірқатар өндірушілермен және жеткізушілермен шарт жасастық» деп жалғастырды А.Көлгінов.

Әкім жеке инвестициялар есебінен қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, нарықты жергілікті тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар нысандардың құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Яғни алдағы уақытта бас қалада 3 көтерме-тарату орталығы, 2 жылыжай кешені, нан-тоқаш комбинаты салынады. Сонымен қатар инвестициялық кеңесте өндірістік-азық-түлік кешенінің құрылысы мақұлданды. Азық-түлік кешенінде нан-тоқаш комбинаты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button