ДенсаулықЖаңалықтар

5 өңір – «қызыл», 6 өңір – «сары» аймақта

Қазіргі кезде еліміздегі алты өңір «жасыл» аймаққа енді. Бес өңір «қызыл» және алты өңір «сары» аймақта тұр. Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжілістегі үкімет сағатында егжей-тегжейлі баяндады.
 

[smartslider3 slider=204]

Министр Қазақстан індеттің 4 толқынынан өткенін мәлім етті. Ол дерттің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды уақытылы жүргізу аурушаңдықтың төмендеуіне және эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына септігін тигізгенін айтты. «Қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Тәулігіне індетке шалдыққан 2 мың адамға дейін тіркеледі, 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,2 есе, 1,11-ден 0,96-ға дейін төмендеді» деді министр.
Сондай-ақ республика бойынша инфекциялық және реанимациялық төсек-орын қоры да азайған. Бүгінде елде инфекциялық төсек-орынның 36 пайызы, реанимация­лық төсек-орынның 33 пайызы бос емес. Төсек-орын қорының резерві 22 мың орынды құрайды. А.Цой эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына тоқталып, қазір 6 өңір (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыс­тары) «сары» аймақта тұрғанын жеткізді. Алты өңір – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы «жасыл» аймақта орналасса, 5 өңір (Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары) – «қызыл» аймақта. Жалпы алғанда, Қазақстан сары аймаққа өтті.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button