ЖаңалықтарҚала мен Сала

50 аула абаттандырылды

Елордада «Бюджетке қатысу» жобасы аясында жыл басынан бері 50-ден астам аула абаттандырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.  Жоба аясында тұрғындар қаржыны өз ауданындағы негізгі әлеуметтік мәселеге қарай бағыттау құқығына ие.

[smartslider3 slider=157]

Президенттің тапсырмасы бойынша абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық бюджетіне халықтың қатысу үлесі 10 есеге артты. Бұл жоба елордада 2019 жылы іске қосылған. Алғашында жоба Сарыарқа ауданының тұрғындары ғана қатысса, қазір бұл жобаға қаладағы барлық ауданның тұрғындары өз ұсыныстарын бере алады.
Сондай-ақ қала маңындағы тұрғын алаптарға да басымдық берілген. Мәселен өткен жылы дәл осы жоба арқылы «Көктал-2», «Агроқалашық» тұрғын алаптарында бірнеше аула тұрғындардың талғамына сай абаттандырылған еді. «Жастар» шағын ауданының да тұрғындары өткен жылы «Бюджетке қатысу» жобасына белсене қатысып, аумақтағы бірнеше аула өзгеше кейіпке енген.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button