Елорда тынысы

Елорданың қоғамдық көлік паркі жаңа 320 автобуспен толығады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қоғамдық көлік саны артатыны туралы жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Биыл елорданың қоғамдық көлік паркі 320 автобуспен толығады. Олардың басым бөлігі қазірдің өзінде желіге шықты.

Мәселен, бірер күн бұрын елордаға жаңа 55 автобус жеткізілді. Оның 26-сы толық жабдықталып, маршрутқа шықты. Қалған бөлігі техникалық дайындықтан өткеннен кейін желіге шығады.

Жаңа қоғамдық көліктер жаңа бағыттағы маршруттарды ашуға, күту уақытын қысқартуға, ескі автобустарды кезең-кезеңімен ауыстыруға және т.б. мүмкіндік берді.

Былтыр қоғамдық көлік паркін 400 автобусқа ұлғайтқанбыз. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмысы жүріп жатыр», — деп жазды Астана әкімі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button