#Жаңа Қазақстан

609 сәби дүниеге келді

19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 сәби ­дүниеге келді. Оның ішінде 312-сі – ұл, 297-сі – қыз, бір – егіз. Бұл туралы Денсаулық сақтау ­министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз» делінген министрліктің құттықтауында.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметі бойынша елордада сайлау күні 54 сәби дүниеге келді. Оның 25-і – ер бала, 29-ы – қыз. Одан бөлек егіздер де бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button