Қала тіршілігі

Қынадай қызғалдақпен қиялға беріліңіз

­Нидерланд дизайнерінің авторлығымен Астанада тағы бір арт-­нысан ашылды. Орталық саябаққа қызғалдаққа құмбыл қылатын 20-ға жуық дизайнерлік креслолар қойылды. TULPI деп аталатын тамаша креслолардың авторы – дизайнер Марко Мандерс.

Саябақтағы әсерлі дүниенің ашылу салтанатына Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьянов, Shell концернінің өкілі Оливье Лазар қатысты. Аудан әкімі бұл креслолар қыдырыс­тап жүргендерге сергек көңіл күй сыйлайтынын жеткізді. Қызғал­дақ­тың отаны саналатын Нидерланды қынардай гүлімен әлемді өзіне қаратты. Енді елордамыз да еміреніп келгендерге ерекше жылулық тарту етеді демек. Бас қаладан басқа қырғын қызғалдақ бұған дейін Шымкентте де қауыз жарғанын айта кету керек.
Ал елордадағы арт-нысандар таза экологиялық материалдан, қалдығын қайта пайдалануға болатын дүниеден жасалған. Мұндай орындықтар әлемнің көптеген алаңдарында және шартарап шаһарлары көшелерінде бар. Жаңа арт-туынды орталық аллеядағы «Алтын кесе» монументіне жақын маңда орналасқан. Енді қала тұрғындары қынадай қызғалдақтың арасында қиялға беріле алады. Саябақта жиыны 25 кресло бар. Бұл Shell-дің Қазақстандағы 25 жылдан бергі белсенділігін бейнелейді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button