Жаңалықтар

Балдырғандар Астананы аралады

Астананың 20 жылдық мерекесі аясында Алматы қаласынан 90 оқушы елордаға қонаққа келді. Олар үш күн бойы бас қаланың көрнекті жерлерін аралап, тарихымен танысты.

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға арнайы тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
«Жалпы, бұл шараның мақсаты – ішкі туризмді, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетанушылық пен экскурсия қызметін дамыта отырып, болашақтың тұтқасын ұстар бүгінгі бүлдіршіндердің жүрегіне отаншылдық, ұлтшылдық дәнін егу. Экскурсияның алғашқы күнінде алматылық оқушылар мемлекеттік маңызы бар нысандарды аралады, олардың тарихымен танысты» дейді ұйымдастырушылардың бірі Абай Қуанышбекұлы. Оның айтуынша, балалар миллиондарға хабар таратып отырған «Қазмедиа орталығы» ғимаратына, ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен қорына, ҚР Ұлттық мұражайына, Астана қаласының орталық паркіне және ЭКСПО-2017 кешенін аралап шыққан. Айта кетейік, балаларға мұндай сый жасаған – Алматы қаласының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button