Ел тынысы

7 жылда алғашқы рет аттестаттау өткізіледі



7 жылда алғашқы рет медицина университеттерінің оқытушыларының арасында аттестаттау өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысы барысында медицина қызметкерлерін даярлау сапасы мәселелері қаралды. Онда кадрларды даярлау сапасын жақсарту және оқытушылардың құзыреттілік деңгейін арттыру үшін ағымдағы жағдайды талдау жүргізу қажет екендігі атап өтілді.

Ведомство білім беру және ғылыми қызмет саласында мемлекеттік бақылауды күшейтіп, студенттер мен резиденттер арасында аралық тәуелсіз емтихан, сондай-ақ барлық медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын аттестаттаудан өткізгелі отыр.

Тәуелсіз бағалау нәтижелері медициналық жоғары оқу орындарында білім беру процесін жақсартуға бағытталған одан арғы стратегиялар мен бағдарламалардың әзірлемесі үшін, сондай-ақ медициналық білім беру мен ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын айқындау үшін пайдаланылатын болады.

Оқытушылардың соңғы тәуелсіз аттестациясы 2017 жылы өткізілді.

Студенттер мен резиденттердің білімін тәуелсіз бағалау, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын аттестаттау ең алдымен медициналық білім беру сапасын арттыруға және отандық денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жиында соңғы жылдары академиялық еркіндік пен университеттердің дербестік режимге көшуі оң нәтиже бергені, алайда белгілі бір проблемалар туындап отырғаны атап өтілді.

Мемлекет тарапынан бақылаудың әлсіреуі білім беру сапасының, сондай-ақ заңнамаға сәйкес біліктілік талаптарының сақталуын қадағалаудың төмендеуіне әкелді. Студенттердің шамадан тыс санының салдарынан инфрақұрылым мен оқу сапасы нашарлады. Бірқатар медициналық университеттер «қызыл» аймақта және тексерілуге тиіс.

Білім берудің жоғары стандарттарын және медицина мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың қызметін тексеру және мониторингтеу жөніндегі барлық комиссияларға қатысуға ниетті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button