ЖаңалықтарҚала тіршілігі

7000 үлескер пәтер кілтін алады

Нұр-Сұлтан қаласында биыл 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Соның нәтижесінде 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтер кілтін алады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

[smartslider3 slider=703]

«Ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Таңертеңгілік аралау барысында 2015 жылы проблемалық деп танылған «Садовые кварталы» тұрғын үй кешеніне бардым. Үлескерлердің саны – 500-ден астам отбасы. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыс­тары жүргізілуде. Нысанды келесі жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз» деді қала басшысы.

Әкім «Комсомольский» тұрғын үй кешені де 2015 жылы проблемалық нысандардың қатарына қосылғанын айтты. «Мұндағы үлескерлердің саны 600 отбасыдан асады. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Лифт жабдықтарын монтаждау, ішкі әрлеу жұмыстары, ішкі инженерлік желілерді орнату, қасбеттік жұмыстар, терезелер мен витраждарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Аталған проблемалық нысандардың құрылысын «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС салып жатыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудара отырып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Сондай-ақ абаттандырумен уақытылы айналысу міндеті қойылды» деп түсіндірді А.Көлгінов.

Ол қазірдің өзінде қалада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың айтарлықтай азайғанын атап айтты. «2018 жылдың басында қалада проблемалық 150 үй мен 15 мыңға жуық үлескер болды. 2019 жылы 10 нысанда 13 үй аяқталды. Сол жылы 2,5 мың отбасы көптен күткен пәтерін алды. Ал 2020 жылы 14 нысан бойынша 20 үйдің жұмысы аяқталды, бұл 2,7 мың үлескердің проблемасын шешуге мүмкіндік берді. Биыл 57 көппәтерлі тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша 7 мыңнан астам үлескер көптен күткен пәтерінің кілтін алмақ. Мысалы, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 21 проблемалық нысан аяқталды. Ұзақ құрылыстың әр нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары жасалды. Үлестік құрылыс нысандарын аяқтау – Мемлекет басшысының тікелей бақылауында» деді елорда әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button