Саясат

Елді елең еткізген

Жаңа жылды қарызсыз қарсы алады

Грузия билігі «қара тізімге» енген 600 мың азаматтың банктердегі қарызын жойып тастады. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

– Қарыздың жалпы сомасы 1,5 миллиард лариді (565,3 миллион доллар) құрайды. Шешім бойынша бұл қарыздар жойылатын болады. Халқымыз жаңа жылды қарызсыз қарсы алатын болады, – деді премьер-министр Мамука Бахтадзе.
Бұл үдеріс 15 желтоқсаннан басталып, ай соңына дейін жалғасады. «Мұндай жағдайға жауапсыз несиелеу себеп болып отыр. Бүкіл қаржылық институт еш қиындықсыз несие беріп келді. Салдарынан үлкен пайыздар, айыппұлдар тіркелді» деп мәлім етті қаржы министрі Иван Мачавариани.

Жоғалған субмарина табылды

Былтыр жоғалған Аргентинаның «Сан-Хуан» сүңгуір қайығы табылды. Telam агенттігінің оны америкалық Ocean Infinity компаниясы 800 метр тереңдіктен анықтағанын хабарлады.

Аргентина қорғаныс министрлігінің болжамы бойынша, электрлі батареядан ақау шығып, артынша жарылған. Сүңгуірдің қирандылары 70 метр аумаққа шашылған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сан-Хуан» өткен жылдың 15 қарашасында Ушуайя теңіз әскери базасынан Мар-дель-Платаға кетіп бара жатқан жолда жоғалып кеткен. Оның бортында 44 адам болыпты. Субмаринамен соңғы байланысқа шыққанда апатты жағдайға тап болғаны хабарланған. Оны іздеуге төрт мыңға жуық адам, 28 кеме, 9 ұшақ жұмылдырылған. Сол сияқты бас-аяғы 18 ел атсалысыпты.

Бензиннің қымбаттауына наразылық білдірді

Франциядағы «Сары жилеттер» қоғамдық қозғалысының қатысушылары үшінші күн қатарынан елде жанармай бағаларының өсуіне қарсылық білдіріп, наразылық шараларын өткізіп жатыр.

Наразылық білдіру­шілер бүкіл Франция бойынша жолдарды жабуда. Салдарынан бірқатар ірі автомагис­тральдың қозғалысы тоқтаған. Сондай-ақ «Сары жилеттер» Total компаниясының елдің батысы мен оңтүстігінде орналасқан екі отын қоймасының кіру жолдарына тосқауыл қоюда. Бағалардың бірден қымбаттауына осылайша наразылық білдірген олар нысандардың кіреберістеріне де бөгеттер орнатып тастаған. Соңғы жылдары Францияда бензин бағасы 10-15 пайызға көтерілсе, дизельдік отын 24 па­­йыз­ға қымбаттаған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button