Ел тынысы

8 мамыр демалыс күні болуы мүмкін

Үкімет қазақстандықтардың мамыр айындағы демалыс күндерін ауыстыруды қарастырып жатыр, – деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мамыр айында 3 мереке күні бар:

  • Қазақстан халықтарының бірлігі күні – 1 мамыр (сәрсенбі);
  • Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр (сейсенбі);
  • Жеңіс күні – 9 мамыр (бейсенбі).

Осылайша қазақстандықтар бір күн жұмыс істеп, қайтадан демалып, қайтадан жұмыс істеп, қайтадан демалып, ыңғайсыздық тудырады.

«Ашық НҚА» сайтында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрығының жобасы пайда болды. Жоба 25 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.

«Демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамыр, сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыру», – делінген құжат жобасында.

Егер жоба мақұлданса, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1 мамыр, 5 мамыр, 7, 8, 9 мамыр және 11-12 мамырда демалады. Ал 2-3 мамыр, 6 мамыр және 10 мамыр жұмыс күні болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button