Әлеумет

8 наурызға орай кім қандай төлем алады

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандық әйелдер қауымы бірреттік әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана

Елордада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 36 мыңға жуық көпбалалы және аз қамтылған анаға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Төлем мөлшері – 2,5 АЕК (9 830 теңге). Қаржы жергілікті бюджеттен бөлініп, “Азаматтарға арналған үкімет” арқылы Астанада тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға аударылады.

Шымкент

Бұл қалада “Алтын алқа”, “Күміс алқа”, “Батыр ана” және “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған аналарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі.

Қалада 67 741 көпбалалы ана бар.

Оның ішінде:

“Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері – 13 805

4-5 баласы бар аналар – 53 936

Түркістан облысы

Түркістан облысында көпбалалы аналардың саны айтарлықтай жоғары.

18 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар – 117 927 ана тіркелген.

Оның ішінде:

“Батыр ана” – 2 175

“Алтын алқа” – 18 570

“Күміс алқа” – 43 413

I және II дәрежелі “Ана даңқы” орденімен марапатталған – 3 264

Әлеуметтік қолдау шаралары шеңберінде аудандық және қалалық бюджеттен 63 мыңнан астам адамға 484,8 миллион теңге бөлінді.

Әр анаға орташа есеппен 2 АЕК (7 864 теңгеден) беріледі.

Маңғыстау облысы

Бұл облыста 8 наурызда емес, 22 наурызға орай төлем жасалады.

Өңірдегі 12 686 адамға 99,7 миллион теңге төленеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бұл өңірде ең жоғары бір реттік төлем қарастырылған.

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлері, “Батыр ана”, “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар – 10 АЕК (39 320 теңге) алады.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасылар – 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде көмек алады.

Ұлытау облысы

2 711 көпбалалы анаға – 20 000 теңгеден төленеді.

6 454 көпбалалы отбасыға (төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе балалары күндізгі оқу нысанында білім алатын отбасылар) 20 000 теңгеден беріледі.

Қарағанды облысы

Бұл облыста төлемақы 11 аудан бойынша таратылады.

Тізімге кіретін аудандар: Қарағанды, Балқаш, Приозерск, Саран, Теміртау, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандары.

Жалпы 32 441 адам қамтылады.

Бөлінген бюджет – 861,2 миллион теңге.

Әр анаға – 20 000 теңге беріледі.

Павлодар облысы

Бұл өңірдегі көпбалалы аналарға – 20 000 теңге төленеді.

Биылғы көмекті 750-ден астам атаулы әлеуметтік көмек алушы ана алады.

Ақмола облысы

Көпбалалы аналарға 2-ден 5 АЕК-ке дейін (7 864 – 19 660 теңге) біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.

“Отбасының цифрлық картасы” ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес өңірде 6 010 әйел тіркелген.

“Алтын алқа” – 2 123 ана

“Күміс алқа” – 3 452 ана

I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерінің иегері – 234 ана

Бұрын “Батыр ана” атағын алған – 201 ана

Шығыс Қазақстан облысы

Бұл өңірдегі көпбалалы аналарға 15 000 теңге мөлшерінде төлемақы беріледі.

Ал Алматы қаласы, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу облыстарында 8 наурызға орай бюджеттен қаржылай көмек бөлінбеген.

Қосымша демалыс беріледі

Биыл халықаралық әйелдер күні сенбіге түседі. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, қосымша демалыс күні 10 наурызға белгіленген.

Демалыс кестесі:

  • Бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 8, 9 және 10 наурыз – қатарынан үш күн демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 8 және 9 наурыз – демалыс, бірақ 10 наурыз (дүйсенбі) жұмыс күні болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button