Басты ақпарат

800 бала сыйлық алды

М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында әлеу­меттік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға елорда әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтарды дербес жеткізу бойынша «Жаңа жылдық сапар» экспресс-эстафетасы басталды.

[smartslider3 slider=1650]

Эстафетаның салтанатты ашылуын дәстүр бойынша Аяз ата мен Ақша қар, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын бейнелейтін ертегі кейіпкерлері мен 30 ағайынды аяздар қоршап алды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше білім алу қажеттілігі, мүгедектігі бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды жастар ­Нұр-
Сұлтан қаласы әкімінің атынан киім сатып алуға 50 мың теңгеге сертификат, тәттілер, үстел ойынын және құттықтау хаты түріндегі жаңа жылдық сыйлықтар алды. Жаңа жылдық сыйлықтарды Аяз ата мен Ақша қар жеткізді. Сыйлықтарды жеткізу қала бойынша «Жаңа жылдық рейс» түрінде өтті. Қазақстан Президенті мен елорда әкімінің атынан барлығы 800 астаналық бала жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.

«Жаңа жылдық мерекелер – балаларымыздың ғажайыптар мен сиқыр­ларға сенетін кезі. Балаларымызға арнап «Жаңа жылдық сапар» экспресс-эстафетасын ұйымдастырдық. Мемлекет басшысы мен әкімдіктің атынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 600 балаға сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар тапсырылды. Сонымен қатар аудан әкімдіктері балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтауда.

Бүгін әріптестерімізбен бірге «Мамандандырылған балалар үйіне» бардық. Жаңа жыл қарсаңында балаларға ерекше көңіл күй сыйлағанымыз жөн. Балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Әдеттегідей, Аяз ата құттықтап, балаларға сыйлықтар үйлестірді.

Бұл балалар үйінің ерекшелігі – онда оңалту қызметтері де көрсетіледі. Ұйымда күрделі жөндеу жүргізілді, материалдық-техникалық база жаңартылды. 2022 жылғы қаңтардан бастап педагогтардың, оның ішінде арнайы мекемелерде жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 20 пайыздан астам көтеріледі» деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада өтіп жатқан жаңа жылдық іс-шаралар жайында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button