Қоғам

8,3 миллионыншы жолаушыны қарсы алды

Астана халықаралық әуежайы өзінің 8,3 миллионыншы жолаушысына қызмет көрсетті. Бұл – 2024 жылғы рекордтық көрсеткіш, Астана әуежайы үшін де тарихи оқиға, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, 8,3 миллионыншы жолаушысы LO195 рейсімен Варшава-Астана бағытымен ұшып келді.

– Астана халықаралық әуежайы жылдан-жылға әлемдік авиациялық қоғамдастықта өз маңыздылығын дәлелдеп келе жатыр. 2024 жылы біздің әуежайдан Сеул, Гоа, Фукуок, Пхукет, Абу-Даби, Сиануквилл, Милан, Прага және Минералды Суларға тұрақты рейстер ашылып, жаңартылды. Өткен жылы біз 7,5 миллион жолаушыға қызмет көрсетсек, биыл жолаушылар ағынының өсімі 10% құрап, 8,3 миллионға жетті, – деді Астана халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер.

Астана әуежайынан орта есеппен 200-ден астам рейс ұшырылады. Бұл Қазақстанның бас қаласына туристік және іскерлік бағыт ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, бүгін 60 мың жолаушы жаңа жылды пойызда қарсы алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button