Қоғам

9 айда 300-ден астам адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

Биыл елордада тоғыз айдың ішінде адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясын (АИТВ) жұқтырудың 327 фактісі тіркелді, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың 75,2% – ерлер, 24,8% – әйелдер және олардың 62,4 пайызы 20 және 39 жас аралығындағы азаматтар.

«Жыл сайын астаналықтардың 25%-дан астамы АИТВ-инфекциясына тексеріледі. Тегін тестілеудің қолжетімділігі мен уақтылы жүргізілуінің арқасында инфекция жұқтырудың 80%-дан астам жайты дерттің 1-2 сатысында анықталады. Айта кетсек, инфекция таралуының алдын алуда уақтылы диагностикадан өту маңызды. Елімізде тегін негізде ұсынылатын антиретровирустық терапия қолжетімді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін Астанада дүниежүзілік ЖИТС-пен (жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы) күрес күні қарсаңында АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы басталды. Мақсат – халықты хабардар ету, сауаттылық деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару, профилактикалық бағдарламаларды қолдау, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуді азайту.

Бір айдың ішінде медицина қызметкерлерінің, азаматтық белсенділердің, білім беру ұйымдарының, ведомстволық органдар өкілдерінің қатысуымен адамдар көп жиналатын орындарда, сауда-ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында, әуежайда, сондай-ақ басқа өңірлерден келген қала қонақтары үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері жөніндегі маманға тестілік консультациядан кейін міндетті түрде АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу шаралары өтеді.

Одан бөлек, айлық аясында жастар денсаулық орталықтарының еріктілерін тарта отырып, студенттерге арналған форумдар, пікірталас, флеш-моб, дөңгелек үстел және викториналар ұйымдастырылады.

АИТВ денсаулыққа қаншалықты қауіпті және оның алдын алу үшін не істеу керектігі туралы толығырақ сілтемеге өтіп таныса аласыздар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button