Жаңалықтар

9 бағытқа – қосымша автобус

17 тамыздан бастап қала ішіндегі 9 бағыт бойынша қосымша автобустар шығарылады. CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, №5, 9, 10, 12, 24, 52, 54, 70, 72 бағыттағы автобустардың саны көбейеді.

«Біздің қызметкерлеріміз қаладағы жолаушылар ағынына талдау жүргізуде. Қажеттілік туындаса, басқа бағыттарда да өзгеріс енгізіледі. Ең бас­тысы, жолаушыларға маска тағуды және жол ақысын дер кезінде төлеуді ескертеміз» делінген көлік компаниясының хабарламасында. CTS өкілдері жолаушылар ағынына талдау жасау жолаушылардың қажеттіліктерін уақытында анықтауға мүмкіндік беретінін айтады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button