Барлық өңірде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады
Төтенше жағдайлар министрлігі маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Ведомство Қазақстанның барлық қаласында 2024 жылғы 21 қарашада дабыл белгісі қосылатынын ескертті.
2024 жылғы 21-22 қараша аралығында елімізде “Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау” тақырыбында “Қыс – 2024″ республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың республикалық штабы Көкшетау қаласында орналасқан.
Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдар, республикалық және облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдары, ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері тартылады.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша облыстық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қысқы кезеңдегі ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығы бағаланатын болады.
Сурет: РБК