Қоғам

Нұра ауданында өрттің алдын алу мақсатында жеке тұрғын үйлер тексерілуде

Нұра ауданында өрттің алдын алу мақсатында жеке тұрғын үйлер тексерілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ауданның жеке сектордағы көмірмен жылытылатын тұрғын үйлерінде әкімдік қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен (ТЖД) бірлесіп, профилактикалық тексеру жұмыстарын бастады. Тұрғындарға жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері айтылып, ақпараттық парақшалар таратылуда.
Бірінші кезеңде «Үркер» тұрғын алабы мен «Газмашаппаратура» бағбандық қоғамы қамтылды. Алдағы уақытта аталған аумақтардағы барлық жеке үйлерді хабардар етіп, тексеру жоспарлануда. Мамандар атап өткендей, өрттің негізгі себептері электр жабдықтарының, жылыту құрылғылары мен пештердің дұрыс жұмыс істемеуімен байланысты. Өрт сөндірушілер ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Сонымен қатар, қауіпсіздікті жақсарту мақсатында биыл әлеуметтік осал 78 отбасының үйлеріне түтін детекторы орнатылды. Бұл шара өрттің алдын алуға көмектеседі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button