Білім

Жас математиктің жаңалығы

Астаналық №73 мектеп-лицей оқушысы Жайық Қилымбек күрделі есептерді шешудің әртүрлі жолын ойлап тапты.

Бала кезінен қиын есептерді шешуге қызығатын астаналық білім алушы 10-сыныпта оқиды. Озат оқушы басқа пәндерге қарағанда математиканы ерекше жақсы көреді. Логикалық тапсырмаларға жүйрік, қиын формулалардың тілін меңгеріп алған. Бүгінде ол күрделі есептерді шешудің әртүрлі әрі оңай жолын тауып, қатарластарына үйретіп жүр.

«Біздің өміріміз де есеп сияқты. Күрделі және жеңіл шешілетін жолдары бар. Мен күрделі есептерге көп уақыт кетірмей, оңай түрде шешуді бұрыннан ойлайтын едім. Қазір соның бірнеше жолын білемін» дейді жас математик.

Кейбір логикалық есептерді көзбен оқып шешетін ақылды баланың болашағына мектептегі ұстаздары да үлкен сенім артатынын айтады.

Индира БЕРЖАНОВА

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button