Қала мен сала

Бір түнде 10 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде қар тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

25 қарашада күндізгі ауысымда қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге үш мыңнан астам жол жұмысшы және 1 100-ден астам арнайы техника шықты.

24-25 қараша аралығында қар полигондарына мыңнан астам ауыр жүк рейсімен 10 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 50 мыңға жуық рейс арқылы 560 мың текше метр қар шығарылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.

Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.

Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button