Астанада 25 метрлік «Таза Қазақстан» туы орнатылды
Maqsut Narikbayev University студенттері 1 курс студенттерін қабылдау кеші аясында сахнада 25 метрлік “Таза Қазақстан” туын желбіретіп, ерекше акция өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен іс-шараға 5000-нан астам қатысушы жиналды.
“Экология – бұл жай ғана сән тренді емес, бұл – біздің бүгініміз және болашағымыз. Экологиялық бастамаларды қолдай отырып, біз әрекет етуге дайын екенімізді көрсетеміз. Біз қарапайым дағдыдан бастай аламыз: қоқыс тастамау, сенбіліктерге қатысу, достарыңыз бен жақындарыңыз арасында экологиялық хабардарлықты насихаттау”, – деп атап өтті акцияға қатысушылардың бірі, бірінші курс студенті.
Астанада “Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі” акциясы жалғасуда.
Экоакция шеңберінде шаһарда қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.