Астанада «IV ректорлар мектебі» -«АІ дәуіріндегі жаңа университеттер: HR vs AI» форумы өтеді
«Ulttyq Ustaz онлайн академиясы» 2024 жылғы 28-30 қарашада Астана қаласында «IV ректорлар мектебі» – «АІ дәуіріндегі жаңа университеттер: HR vs AI» форумын өткізеді. Ректорлар мектебі аясында екінші «Декандар мектебі» өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Біздің форумның қонақтары – бизнес университеттердің, мемлекеттік сектордың және ҮЕҰ топ-менеджменті. Форум «Ulttyq USTAZ онлайн академиясы» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған және университеттерде инновациялар мен өзгерістерді енгізуге қабілетті білім беру көшбасшыларының басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған, бұл жасанды интеллект дәуірінде ЖОО дамуының жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Форумның негізгі тақырыптары:
1.Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында университеттердің трансформациясы;
2.AI дәуіріндегі университеттердің жаңа моделі;
3.Білім беру ортасындағы адамдар мен жасанды интеллекттің өзара қарым-қатынасы;
4.Адами капиталды басқару және университеттердің болашағындағы HR рөлі;
5.Университет мен бизнестің арасындағы серіктестік.
Форумның хэдлайнерлары:
Рае Квон Чунг – Нобель сыйлығының лауреаты, Ольгун Чичек – Board Director INQAAHE директорлар кеңесінің мүшесі, Барбара Энн Оукли – Окленд университетінің инженерия профессоры.
Іс-шараға білім беру саласындағы шетелдік сарапшылардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және басқа да белгілі тұлғалардың қатысуы жоспарлануда. Жыл сайын форумға Азия, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ университеттерінің өкілдері қатысады.
Биылғы жылы бағдарлама білім беру саласындағы шетелдік сарапшылар мен мемлекеттік және қоғамдық институттар өкілдерінің сөз сөйлеуінің арқасында ерекше назар аударады деп күтілуде.
Өткізу орны мен уақыты: 28 қараша – Астана қ., Мәңгілік ел 55/19, павильон 3.4, 1-қабат. Форумға тіркелу уақыты – 09:00.
29-30 қараша – Астана қ., Амман 8.