Астанада ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC – 2024» көрмесі ашылды
Астанада ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC – 2024» көрмесі ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
28-29 қарашада “EXPO” ХКО ҚР Көлік министрлігінің ресми қолдауымен ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған жол саласына арналған іс-шараның ашылуы өтеді. “Kaztraffic” халықаралық көрмесі соңғы 20 жыл бойы жыл сайын өткізіліп келеді, алайда биыл бұл іс-шара ерекше болмақ.
Жаңа әлемдік нақтылық Қазақстан Республикасының ұстанымы мен геосаяси маңызын айқын көрсетеді. Ел тартылыс орталығына айналуда: асау мұхиттағы тұрақтылық континенті, бизнес-мүдделер мен инвестициялардың шоғырлану аймағы, негізгі транзиттік бағыттардың аумағы.
Сондықтан да индустрия флагмандары бүгінде қызметтерін ауқымды етуге бұрынғыдан да артық қызығушылық танытып отыр және Қазақстанға ондаған жылдар бойы белгілі әлеуеті бар ірі өңірлік экономикалық орталық ретінде бет түзейді.
“Kaztraffic-2024” павильондарында ең керемет жетістіктер мен инновациялық әзірлемелер көрсетілетін іс-шара өтеді. Жаңа өнімдер – жол-құрылыс техникасы, түбегейлі жаңа материалдар, жабдықтар мен аспаптар көпшілікке таныстырылады, олар көз жетерлік болашақта жол құрылысы мен көлік инфрақұрылымының құрылысы туралы әдеттегі үғымды өзгертеді.
Көрменің экспозициялық аренасында кәсіпорындар жол құрылысы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау саласындағы өздерінің үздік әзірлемелерін ұсынады.
“Kaztraffic-2024” – бейінді мамандардың тар шеңберіне арналған алаң ғана емес. Жол-көлік инфрақұрылымы – кез келген экономикалық қызметтің басты негізі. “Kaztraffic-2024” өзінің көрме павильондарында ғылыми-техникалық бағыт, IT-индустрия, авиация, аграрлық сектор, өнеркәсіптік өндірістің барлық түрлері, өндіруші кешен, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдерінің мақсаттары мен мүдделерін біріктіреді.
Көрме барлық тілек білдірушілерге есігін айқара ашады. Іс-шараға қатысу тегін. Ұйымдастырушының сайтында алдын-ала тіркеліп, келушіге арналған шақыру билетті алу қажет. Сонымен қатар, әрбір келушінің қатысушылардың экспозицияларымен жеке танысуға, саланың әлемдік көшбасшыларының өкілдерімен тікелей сөйлесуге мүмкіндігі болады.
Бизнес-қоғамдастық өкілдері де назардан тыс қалмайды. Сіздің жұмыс істеп тұрған бизнесіңіз бар ма, әлде оны ашуды жоспарлап отырсыз ба, маңызды емес. “Кaztraffic-2024” мазмұнды іскерлік бағдарламасы дербес келіссөздер, сондай-ақ “Болашақ жолдары” конференциясы форматындағы кездесулер мүмкіндігін көздейді, онда сіз ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті, “ҚазжолҒЗИ” АҚ, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ, “Ұлттық жол активтері сапа орталығы” РМК өкілдерінен қолданыстағы және жоспарланған жобалар туралы толық ақпарат ала аласыз.
Аталған мекемелер іс-шараның тұрақты серіктестері мен ұйымдастырушылары болып табылады, бұл оған ерекше мәртебе береді әрі ішкі және сыртқы саяси мемлекеттік басымдықтар саласына бағдарлайды.
“Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты” АҚ – іс-шараның тұрақты ұйымдастырушыларының бірі. Жарты ғасырдан асатын тарихында өзінің ғылыми-техникалық қызметінде орасан зор тәжірибе мен нәтижелерді жинақтай отырып, институт бүгінде негізгі ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысады.
ҚР КМ “Ұлттық жол активтері сапасы орталығы” ШЖҚ РМК автомобиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану сапасын бақылауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Сапа орталығы кәсіпорынның барлық бизнес-процестерінің жоғары тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрландыру элементтерін белсенді түрде енгізуде.
“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ – автомобиль жолдарының ұлттық операторы, оның миссиясы мен саясаты автомобиль жолдары желісін қауіпсіз және жайлы пайдалану үшін жағдайларды үнемі жақсартуға бағытталған.
Осы және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың ағымдағы қызметі мен қол жеткізілген жұмыс нәтижелері туралы “Kaztraffic-2024” стендтерінде презентация форматында толық ақпарат ұсынылатын болады.
Журналистер ортақтастығы мемлекеттік БАҚ өкілдерімен шектелмейді және мұндай жұмысқа мүдделі барлық адамдар 28 қарашада сағат 9:00 бастап тіркеуден өтіп, оқиғаларды шектеусіз тіркей алады, түсірілім жүргізіп, сұхбат ала алады және кез келген қолжетімді ресурстар мен алаңдарда ақпаратты жариялай алады.