Әлеумет

Қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды

Сәби үйдің есігін аша алмай жалғыз қамалып қалған. Көмекке астаналық құтқарушылар келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Оқиға елорданың көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болды. Әкесі баланы үйде қалдырып дүкенге шыққанда есікті кілттеп жауып, қайта аша алмай қалған. Мазасызданған ата-ана 112 қызметіне хабарласты», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада. 

Құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 9-шы қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірген.

«Құтқарушылар баланы тыныштандырып, есікті іштен ашты. Сәби зардап шеккен жоқ», – дейді төтенше жағдайлар ведомствосынан.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button