Әлеумет

Астанада «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ жергілікті қамтуды дамытуын талқылады

Энергетика министрлігі отандық тауар өндірушілерді қолдау және уран өндіру саласындағы ұлттық компанияның және оның еншілес тәуелді ұйымдарының сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесін ұлғайтуды ынталандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде 2024 жылғы 28 қарашада Астана қаласында «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ «Отандық тауар өндірушілерді дамыту және қолдау» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оның шеңберінде Ұлттық компания импортты алмастыру бағдарламасы бойынша жұмыстағы міндеттер мен перспективалар туралы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған тауар өндірушілердің табысты кейстерін таныстырды.

Іс-шараға 20-дан астам отандық тауар өндіруші мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Вице-министр Ә. Жамауов өз сөзінде «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық өндірушілердің елішілік құндылығын арттыру және қолдау, сондай-ақ кәсіпорындарды қажетті материалдар, жабдықтар және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ете отырып, уран саласының жұмысын қолдауда түйінді үлес қосатын отандық тауар өндірушілердің маңызды рөлі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Іс-шараның соңында салтанатты түрде уран компаниялары шамамен 2,4 млрд теңге сомаға 8 отандық тауар өндірушімен 20 оффтейк-келісімшарт жасасты. Сонымен қатар сорғыларды, су көтергіш құбырларды, сүзгілерді шығаратын STUWA Konrad Stukerjur gen GmbH (Германия), су, энергетика және минералдық ресурстар секторына арналған бұрғылау қондырғылары сияқты арнайы техника шығаратын BAUER Group (Германия) секілді еуропалық компаниялармен одан әрі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button