Руханият

Сөз шеберлері сынға түсті

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Сөз шебері» қалалық шығармашылық жүргізушілер сайысының финалы өтті.

Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық деңгейін ашу, сөз өнері жанрын танымал ету, мерекелік іс-шараларды жүргізетін дарынды балаларды анықтау.

Сайыста қазылар алқасы құрамындағы танымал тұлғалар, белгілі журналистер байқауға қатысушыларға сәттіліктер тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Байқаудың іріктеу  кезеңіне елордалық 30-дан астам білім беру  ұйымдары қатысып,  18 қатысушы екінші турдың финалистері атанды.

Олар қазақ әдебиетіндегі поэзиялық шығармалардан үзінді орындап, өздері шығарған өлең-арнауларын айтып, бақ сынап, өзара сынға түсті.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың таңдалған шығармаларды оқығанда көрермендерге жеткізуіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстау шеберлігіне мән берді.

Байқаудың қорытындысы бойынша I-орынды – Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінің оқушысы Әмірәлі  Алькенев пен №111 жалпы орта мектебінің оқушысы Назерке Айтпайқызы жеңіп алса, екі II-орынды  – №97 мектеп-лицейінің оқушысы Қасым Риянбек пен Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының оқушысы Хадиша Серікбай мен  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің оқушысы Абай Аралбек  пен Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің оқушысы Сымбат Қарсақбай иеленсе, ІІІ орынды №34 орта мектебінің оқушысы Ернұр Төлеген мен №15 мектеп-лицейінің оқушысы Ханшайым Закарьянова, №30 мекте п-гимназиясының оқушысы Жұманияз Кенжебай мен Білім, бизнес және менеджмент колледжінің оқушысы Асылзат Мыңбай және  №29 орта мектебінің оқушысы Ерсұлтан Жумабаев пен Шәкәрім атындағы №56 мектеп-лицейінің оқушысы Жұлдыз Жамалбек өзара бөлісті. «Креативті жүргізуші» номинациясына лайықты ретінде Жоғары көлік және коммуникация колледжінің оқушысы Аңсар Бейсенбек пен №24 орта мектебінің оқушысы Анель Амзехан танылды. «Көрермен көзайымы» номинациясын Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №11 мектеп-лицейінің оқушысы Мәди Бакатов пен Қаныш Сәтбаев атындағы №61 орта мектебінің оқушысы Альбина Ержанқызы жеңіп алды. «Шығармашыл жүргізуші» номинациясын Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің оқушысы Ескендір Болат пен №108 орта мектебінің оқушысы Жансая Алтынбек жеңіп алды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Фото авторы: М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Әлеуметтік-әдіскерлік бөлімінің әдіскері Әйгерім Бекболат

 

 

 

 

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button