Қоғам

Астанада шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тарды қолдау жайы талқыланды

Астанада этножурналистика мен қазақ тілді БАҚ-ты шетелде мемлекеттік қолдау тақырыбына арналған «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тақырыпты талқылауға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, этникалық БАҚ және «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері қатысты.

Спикерлер этножурналистиканың азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудің және қазақстандық қоғамда этностық топтарды шоғырландырудың маңызды құралы ретіндегі шешуші рөлін атап өтті.

Пікірталас барысында қатысушылар БАҚ арқылы этносаясатты ілгерілетудің, шетелде қазақ тілді медианы қолдаудың, этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

Этносаралық тұрақтылық үшін тәуекелдерді анықтауға және алдын алуға, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» таралуына қарсы тұруға және этникалық, тілдік белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуге ерекше назар аударылды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button