Руханият

Қуыршақ театрында – “Бала Қаныш”

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» сахнасында Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы ғалым, қазақтың мақтанышы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Бала Қаныш» атты қойылымының премьерасы өтті,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Құралай Ешмұратова.

«Бала Қаныш» қойылымының мақсаты:

  • Қаныш Имантайұлының есімін ұлықтау
  • Ғалымның еңбегін насихаттау
  • Бала Қаныштың балалық шағын дәріптеу
  • Өскелең ұрпақты ғылым, білім, өнерге баулу

-Ұлы адамдарда бала болған. Оларда асық ойнап, доп теуіп, алаңсыз балалық шақты бастан өткерген. Бірақ тарихи тұлға, ұлт мақтанышы, ғалым Қаныш Сәтбаевтың о бастан табиғаты да, болмысы да бөлек еді. Оның кішкентайынан қоршаған ортаға, тау, тасқа аңсары ауатын да тұратын. Бәлкім сол бір қасиеті, бала Қанышты дара Қаныш болуына жетелеген, – дейді режиссер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button