Қоғам

«Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Серіктестік, диалог және сенім: берік азаматтық қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестік аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар түрлі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары арасындағы тиімді серіктестік, диалог пен сенім арқылы азаматтық қоғамды қалыптастыру мен дамытудың негізгі аспектілеріді талқылады.

Дөңгелек үстелге орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, еліміздің барлыө өңірлерінен ҮЕҰ басшылары қатысты.

Айта кетейік, бүгінде азаматтық сектор қызметінде қарқын алды. Мысалы, ҮЕҰ саны 2008 жылдан бастап 2,5 есе өсті. Республика бойынша 22 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген. Соның ішінде 17 мың ҮЕҰ белсенді жұмыс істейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button