Басты ақпаратДенсаулық

Емі ерекше емхана

Елордадағы №8 қалалық емхана 2008 жылы қараша айында пайдалануға берілді. Күніне 500 адам қабылдай алатын емхана Байқоңыр ауданы, Ә.Сембинов көшесі аумағындағы тұрғындарға қызмет етеді. Қазіргі уақытта 63933 адам бекітілген. Толықтай заманауи құралдармен жабдықталған емхананың директоры – phD докторы Рүстем Айтбаев.

Емхананың үш ғимараты бар – ересектер, балалар және оңалту бөлімі. Емдеу бөлімшелері бекітілген тұрғындарға медициналық-­санитарлық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді. Оның ішінде отбасылық денсаулық орталығы, мектепке дейінгі және мектеп бөлімі, акушерлік-гинекологиялық бөлім, офтальмология бөлімі, консультация бөлімі, клиникалық-­диагностика бөлімі, аурудың алдын алу және әлеуметтік-психикалық көмек бөлімі, күндізгі стационар бөлімі, оңалту бөлімі бар.

«Әр учаскеге 1533 адам бекітілгенін ескерсек, медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметінде 38 учаскелік жалпы практика дәрігері бар. Емханаға жалпы саны 63933 адам бекітілсе, оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны – 15636, 18 жас және одан жоғары ересектер саны 48297-ні құрайды» деді Рүстем Сапаралыұлы бізбен кездесуінде.

2024 жылғы жағдай бойынша қызметкерлер саны – 398, оның ішінде: дәрігерлер – 125, орта медицина қызметкерлері – 194. Емханада осындай жоғары білікті мамандар қызмет етеді.

Ақ халаттыларға алғыс

Жалпы медициналық сақтандыру қызметін төлегені үшін әр тұрғын қай емханаға тіркелсе де өзі біледі. Елордалықтар қайсысына барамын десе де өз еркі. Алайда емделушінің тұрғылықты үйі емханаға жақын орналасу керегін ескерген жөн. Сондықтан тұрғылықты жерге жақын медициналық мекемені таңдау – қала тұрғындарының құзыретінде. «Электронды үкімет» порталы немесе жазбаша өтініш беру арқылы қалаған емханаңызды таңдай аласыз. Соңғы аталған қызмет тек жеке санаттағы адамдарға, атап айтсақ, зейнеткерлер, мүгедектігі бар тұлғалар, жазасын өтеушілер, студенттер, әскердегі сарбаздар, қарттар үйіндегілер мен жетім балалар, сондай-ақ шетелде туған балаларға қолжетімді. Бұл топқа жатпайтындар egov.kz порталына жүгінуі қажет.

2024 жылдың алғашқы 10 айын­да №8 қалалық емханаға 6916 адам өз еркімен тіркелді. Емханада халықтың әлеуметтік осал топтарына және көпбалалы отбасылардан шыққан, мүгедектігі бар балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Емдеу мекемесінде диспансерлік есепте 10534 адам есепте тұр, оның ішінде 1536 мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетеді. Олардың барлығы диспансерлік есепте тұр, ТМККК шеңберінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген және оңалту емін алады.

Емдеу мекемесіне барғанда ем іздеп, емханаға барған кейбір тұрғындармен тілдесіп қалған едік. Олардың бірнешеуі мұндағы қызмет көрсету сапасына көңілі толғанын айтты.

«Дәрігерлерге өзінің кәсібилігі, ұқыптылығы мен мейірімділігі үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Олардың сауатты белгілеген емі мен кеңесінің арқасында денсау­лығым айтарлықтай жақсарды. Учаскелік дәрігерлер науқасты мұқият тыңдап, егжей-тегжейлі түсіндіріп, сұрақтарымызға жауап береді, нәтижелі емнің арқасында жан тыныштығын сезініп, емделіп шығарыма толық сенімді болдым. Білікті дәрігерлер үлкен құрмет пен сенімге ие. Адамдарға еткен еңбегіңіз, пациенттерге жасаған қамқорлығыңыз үшін шексіз алғысымды айтамын» дейді қала тұрғыны Индира Оспанова.

«Офтальмология бөліміне үлкен алғысымды білдіргім келеді. ­Офтальмолог дәрігер, офтальмология бөлімінің меңгерушісі Жанат Досмановқа, дәрігерлер – А.Аминова, О.Тауманға, медбике Б.Ахметоваға және бүкіл ұжымға пациенттерге сыпайы қарағаны үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді» дейді Динар Ризванова.

«Бірнеше жылдан кейін емханаға келіп, өте риза болдым. Damumed арқылы сол күні гинекологқа жазылдым, бірден дәрігердің қабыл­дауында болдым. Дәрігер-гинеколог Динара Сапенова барлық қажетті талдауларға жолдама берді, оларды күні бойы кезексіз тапсырдым – таза, жақсы тілектестік бағытындағы жұмысты медициналық қызметкерлер тарапынан шын сезіндім, емхана қызметіндегі өзгерістерді осылайша байқадым» дейді қала тұрғыны Назигүл Мейірбаева.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

P.S: Жақсы дәрігер – жанға шипа. Адамдарға шипа сыйлап жүрген дәрігерлер мен басқа да медициналық қызметкерлердің еңбегі құрметтеуге лайықты. Кешегі пандемия кезінде де денсаулықтың, бір жұтым ауаның қадірін түсіндік. Қоғамға қандай мамандардың керек екенін білдік. Осы ретте емханалардың заманға сай жаңашылдығы, тұрғындарды емдеудегі жаңа технологиялармен жұмысы көңіл қуантарлық.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button