Тілендиев туындылары әуеледі
Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының үлкен залында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы қарсаңында «Отырар сазы» шақырады!» концерті өтті.
Кеш көрермендері Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-
этнографиялық оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков) және Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің (көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдин, дирижері – Арман Жайым) өнерін тамашалады. Сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының (көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова) орындауында Нұрғиса Тілендиевтің қазақ музыкасының алтын қорына енген шығармалары әуеледі.
Концерт барысында ерекше шығармашылық эксперимент ұсынылды: қазақ халық аспаптарының үні мен Еуропа аспаптарының дыбысы үйлесіп, «Vivo per lei», «The Prayer», «Melodramma», «Remember», «She» секілді әлемге белгілі шығармалар және «Шиндлер тізімі» фильмінен композициялар орындалды. Елімізге танымал өнер иелері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева мен Азамат Жылтыркөзов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аманбай, Фархат Кубиев, Толғанай Пазылақын, Ербол Тәжібаев, дәстүрлі әнші Өзгеріс Шерікбай, халықаралық байқаулардың лауреаты Фируза Рахметова өнер көрсетті. Көрермендер жаңа жарық технологиялары арқылы жүзеге асқан керемет шоуды тамашалады.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ