Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Бүгінгі таңда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық тақырыбы – қазіргі заман жағдайында нарықтық қатынастар және құқықтық мемлекет құру жағдайында өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық – қазіргі уақытта да тек аумағымен ерекшеленетін, ең алдымен мемлекеттік қызмет органдарының беделіне ықпал етіп қана қоймай, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіріп, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына теріс әсер ететін, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әлеуметтік құбылыс.
Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мемлекеттік органның басымды міндеттерінің бірі және ең алдымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңын іске асыру шараларына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін сақтауға негізделген.
Елордалық Қазынашылық департаментінің қызметкерлеріне Астана қаласының аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері, мемлекеттік сатып алу субъектілерінің қазынашылық сүйемелдеу және қаржылық және (немесе) қаржылық емес операторларын қолдауда бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын тиімді бақылау бойынша бюджеттің барлық баптары бойынша үнемдеу және қатаң қаржылық тәртіп шеңберінде үлкен жауапкершілік міндеттелген.
Сонымен қатар тәжірибелі қызметкерлер, қаржыгерлер мен экономистердің қаржылық құжаттарды қабылдаудың бірінші кезеңінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, содан кейін мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру бойынша жедел іске асыруда ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу, қазынашылық тетігі арқылы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы қазіргі уақыттағы түсімдер туралы күнделікті ақпаратқа дереу ие болуға мүмкіндік беретін табыстардың түрлері және барлық санаттары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын бюджеттік заңнаманың баптарына сәйкестігін қатаң тәртіпте қарастырады.
Бұл бағытта республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын, бірыңғай нормативтік құқықтық қормен қамтылған және бюджет түсімдерін қайта бөлу арқылы бюджеттердің өзара іс-әрекетіне негізделген атқарушы және уәкілетті органдардың бюджет жүйесінің негізгі қағидаттары: дербестік, тұтастық, толықтық, шынайылық, транспаренттілік және жауапкершілікті сақтауды қамтамасыз ететін, мемлекеттің қаржылық мүдделерін қатаң қорғайтын бюджет қаражатын мақсатты пайдалануын алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыратын Қазынашылық департаментінің мемлекеттік қызметшілері өте маңызды рөл атқарады.
Бүгінде бюджет қаражатын уақытылы, сапалы және толық игеруге мүмкіндік беретін қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі қазынашылық сүйемелдеу кезінде нақты уақыт режимінде қазынашылық қызметкерлерінің құзыреттігі мен жылдамдығына ғана емес, мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік сатып алу субъектілерінің есеп қызметкерлерінің құзыреті мен жылдамдығына да байланысты. Әдетте, кейбір жағдайларда білімді, сауатты мамандар нормативтік құжаттарды білмеуінен немесе нашар меңгеруінен, құжаттарды ресімдеу кезінде бос қалдықтарға жеткілікті бақылау жүргізбегендіктен, ұсынылатын құжаттарды ұқыпсыз ресімдегендіктен, құжаттарды дұрыстап пысықтауға кері қайтаруларға әкеп соғатын жағдайлар жиі анықталуда. Осыған байланысты Қазынашылық департаменті тоқсан сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелермен бюджет заңнамасындағы жаңа өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру жөнінде семинарларды тоқсан сайын өткізеді. Бүгінде департаментте «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы қазынашылық сүйемелдеу аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын 322 мемлекеттік мекемеге, 89 квазимемлекеттік сектор субъектісіне, 194 мемлекеттік сатып алу субъектілеріне қызмет көрсетіледі.
Қазынашылық органдары жұмысының сапалы және уақытылы нәтижесі «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін енгізу арқылы қазынашылық қызметкерлерінің клиенттермен байланысын азайтып, тіпті қарым-қатынасты алып тастауға байланысты сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша күшейтілген жұмыстардың сыбайлас жемқорлық аймақтарын жою арқасында қол жеткізіледі. Аталған жүйе нақты уақыт режимінде бюджет қаражатын аударуды дер кезінде белгілейді, нысаналы мақсатты жұмсалуын қадағалайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін және мінез-құлық нормалары мен басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актілерді басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ескерту және жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлықты алдын алу жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын одан әрі қалыптастыру және дамыту үшін Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл іс-шараларының жоспары бекітілген. Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама талаптарын, барлық қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін мүлтіксіз сақтау бойынша жүйелі түрде техникалық оқулар, кездесу-семинарлары жиі өтеді. Департамент аталмыш іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу жұмыстарын жүзеге асырады, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде қызметкерлерді дер кезінде хабардар етеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік ережесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін және мінез-құлық нормалары мен басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық актілерді басшылыққа алады. Ағымдағы қаржы жылының аяқталуы мен алдағы 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру жұмыс қарсаңында келесі шараларға: мемлекеттік бюджетті атқару процесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және бұзушылық мүмкіндіктерін болдырмау үшін барлық шығыстарға мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылуда.
Осы орайда, мемлекеттік бюджетті пайдалану кезінде алдын алу және мемлекеттік қаржыны басқаруда сапаны жақсарту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әдеп мәселелері бойынша Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті мен Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудиттің қатысуымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, мемлекеттік мекемелердің қаржы бөлімдерінің басшылары және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы қызметкерлерімен бірлескен семинар-кеңес өткізді.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың маусым айында департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы спикерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқық қорғау қызметін қалыптастыру негізіндегі негізгі үлгілік бағытты іске асыруда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру» тақырыбында семинар өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселесін шешу көбіне біздің қоғамның шоғырлану дәрежесіне байланысты. Осы мақсатта түпкілікті жетістікке жету үшін елдің болашағына бей-жай қарамайтын қоғамдық ұйымдар болсын, күш құрылымдары, атқарушы органдар және басқалар тарапынан нақты реттелген жұмыс пен барлық мүдделі құрылымдардың күш-жігерін біріктіру болмақ.
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықты ескерту және оның көріністерімен күресті күшейту, мемлекеттік қызметтердегі қаржылық тәртіпті нығайту бойынша алға қойған міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта да барлық күш-жігерін жұмсап, барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Гүлжан УНЕРБЕКОВА,
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы