Қоғам

Хабарлама

Республикалық «Astana aqshamy», «Вечерняя Астана» газеттерінің және «Elorda Info» желілік басылымының меншік иесі болып табылатын «Elorda Aqparat» ЖШС 2024 жылғы 8 желтоқсанда Астана қалалық мәслихатының №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлауға қатысатын Астана қалалық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсыну шарттары туралы хабардар етеді.

Басылымдарға материал беру «Elorda Aqparat» ЖШС-пен жасалған 2024 жылғы 8 желтоқсандағы кезектен тыс сайлауға қатысатын Астана қалалық мәслихатының депутаттығына тіркелген кандидатқа баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады. Кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) «Elorda Aqparat» ЖШС-мен басылымдарға орын ұсыну туралы шартқа қол қоюы кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) «Elorda Aqparat» ЖШС-нен сайлау алдындағы үгітті жүргізуге байланысты қызметтерді қабылдауға келісімі болып табылады.

Мекемеге жіберілетін жазбаша өтініште мынадай ақпарат болуға тиіс:

  • Жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, күні және уақыты;
  • Жазбаша өтініш берген кандидаттың ТАӘ, сенім білдірілген тұлғаның ТАӘ;
  • Тұлғаның жазбаша өтініш беруге өкілетін растайтын құжат – кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) жеке куәлігі, уәкілетті мемлекеттік орган берген кандидаттың (сенім білдірілген тұлғаның) куәлігі, ҚР заңнамасына сәйкес өзге де құжат;
  • Басылымдарға берілетін материалдың жоспарланған көлемін және оны беру уақытын, үгіттік баспа материалдарының түрін көрсете отырып, жазбаша өтініштің мазмұны;
  • Кандидаттың не сенім білдірілген адамның қолы.

Жазбаша өтініштерді «Elorda Aqparat» ЖШС 2024 жылғы 15 қарашадан 6 желтоқсанға дейінгі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 мекенжайы бойынша 222-кабинетте қабылдайды.

Жарияланымдарда олардың төлемі, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері, ақпарат берген тұлғаның тегі туралы ақпарат болуға тиіс.

Баспа материалдарын орналастыру кезегін «Elorda Aqparat» ЖШС жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен белгілейді.

Үгіттік баспа материалдарын «Elorda Aqparat» ЖШС модульдер немесе мақалалар түрінде шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған газеттер шыққан күнге дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылады.

«Elorda Aqparat» ЖШС үгіттік баспа материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну идеяларын жариялауды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілгендерді құруды қараған жағдайда және заңнамада көзделген өзге де негіздерде оларды орналастырудан бас тартуға құқылы.

«Elorda Aqparat» ЖШС өзге кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы хабарламада көрсетілген басылымдарға материал беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Басылымға материал ұсынғаны үшін төлем мөлшері:

«Вечерняя Астана» және «Astana aqshamy» газеттерінің беттерінде жарияланымның 1 шаршы см орналастыру құны, ҚҚС қоса алғанда – 850 теңге.

Газеттердің «vechastana.kz» «astana-akshamy.kz» сайттарында жарияланымның қайталану құны, ҚҚС қоса алғанда – 30000 теңге.

«Elorda Info» желілік басылымында жарияланымның қайталану құны, ҚҚС қоса алғанда – 30000 теңге.

«Elorda Info» желілік басылымында тапсырыс беруші ұсынған мақаланы (2500 белгіге дейін бос орны бар) орналастыру құны, ҚҚС қоса алғанда – 40000 теңге.

«Elorda Info» желілік басылымында орналастырылған мақаланы (2500 белгіге дейін бос орны бар) жазу құны, ҚҚС қоса алғанда – 80000 теңге.

Төлем «Elorda Aqparat» ЖШС қойған шот негізінде осындай шот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүзеге асырылады.

Төлем тиісті шартта көрсетілген «Elorda Aqparat» ЖШС-нің банк деректемелеріне жіберіледі.

О. Сыдықбек

«Elorda Aqparat» ЖШС директоры

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button