Ел тынысы

Астанада «Киелі кимешек» атты көрме өтеді

«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі мен ҚР Ұлттық музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қолөнершілер одағының мүшесі,  ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері Тілек Сұлтанның «Киелі кимешек» атты жеке көрмесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараның басты қолдаушысы: Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ, ҚР Ұлттық музейі

Ұлттық мәдениетінен ажыраған халық ұлттық болмысынан, тек-тамырынан қол үзіп қалады. Қазақ халқының қолөнері — ел тарихымен қатар дамып, өркендеп келе жатқан халық қазынасы.  Ал, қолөнердің айшықты бөлігі —  ұлттық киімдер. Ұлттық киім – ұлттың бет-бейнесі, ұлттық мәденитеттің жарқын көрінісі. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық-идеологиялық мәні де зор.

Бүгінде ұлттық киім жан-жақты зерттеліп, қалың жұртшылыққа дұрыс насихатталмағандықтан, дін жолына түскен жандар өзге ұлттың киімін киіп, бүгінде тіпті хиджап саяси мәселеге айналды. Білім саласындағы құзырлы мекеменің бұйрықтары мен діндар ата-аналар арасында түсініспеушілік туындататын жайттар да жоқ емес. Қазақтың ұлттық киімінің мән-мағынасы қоғам санасында жаңғыртылмағандықтан діндар отбасындағы қыз-келіншектер етек-жеңін жабу үшін арабтың киіміне қол созды. Оның нәтижесі бүгінгі шиеленіске әкеп соқты. Оны шешудің жолы – ұлттық киімді қалпына келтіру. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі».

Іс-шараның мақсатыҰлы Дала мәдениетінің бірден-бір мұрагері қазақ халқының ұлттық киімінің тарихымен таныстыру және жас ұрпаққа дәстүрлі киім үлгілерін ұсыну. Өскелең ұрпақ арасында қазақы салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық киімді насихаттау, тарихи сананы жаңғырту арқылы отансүйгішке тәрбиелеу, жастардың түрлі ағымдағы жат идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру, ұрпақаралық сабақтастықты сақтауға және бабалар аманатына берік болуға үндеу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың озық үлгісі негізінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.

Көрме аясында:

      – ұлттық нақыштағы киімдер түрінен дефиле;

– ұлттық киімдердің ою-өрнегі, жас ерекшелігіне қарай қалай кию керектігі жайлы дәріс;

– кимешек кию мен шылауыш ораудан шеберлік сабақ.

Өтетін күні: 2024 жылы 6 желтоқсан

Уақыты: сағат  14.00

Өтетін орны: ҚР Ұлттық музейі

Мекенжайы: Тәуелсіздік, 54

Алдын ала аккредитациядан өту қажет. Аккредитация үшін: 8 778 500 85 89 (Айгүл Айтмұханова), 8 705 286 77 66 (Зарина Әшірбек)

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button