Құқық

Бөтеннің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды

Бөтеннің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәселен, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00 шамасында 27 жастағы астаналық мас күйінде көлікті зақымдап, материалдық шығын келтірді.

2 желтоқсанда сағат 17:00 шамасында қақтығыс кезінде 19 жастағы жігіт көлікке зақым келтірді.

ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдаған “Тоқта, вандал” акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы аумақтарды ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button