Қоғам

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жас волонтерлер форумы өтті

Халықаралық волонтерлер күніне орай, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Жастар ресурстық орталықтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырған волонтерлер форумдары өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қатысушылар елдегі волонтерлікті дамыту перспективаларын, жүзеге асырылған жобалар мен алдағы 2025 жылға арналған жоспарларды талқылады.

Мәселен, Қарағандыдағы форумға  волонтерлер қозғалысының 400-ден астам мүшесі қатысты. Бұл негізінен облыстың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, мектеп оқушылары және жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері.

Кездесуде ең белсенді волонтерлер марапатталды, сондай-ақ грант конкурсы қорытындыланды. Жергілікті атқарушы органдар түрлі бағыттағы 10 жобаны қолдап, оларды іске асыруға 500 мың теңгеден бөлді.

Елордада волонтерлер қозғалысының ең белсенді өкілдері де назардан тыс қалмады.

Форум аясында елорданың дамуына үлес қосқан 70 ұйым мен бастамашыл топ марапатталды. Марапаттар 7 номинация бойынша берілді.

Атырау облысында да «Волонтер премиясы» өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button