Қоғам

Астанада жастар үшін ALL in SPORT жүгіру жарысы өтеді

Елорданың Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде желтоқсан айында жастар арасында кедергілермен жүгіру бойынша ALL in SPORT өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа 18 бен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Онда CrossFit, ауыр және жеңіл атлетика элементтері болмақ.

Жарыстың жүлде қоры – 600 000 теңге, бәсеке жігіттер мен қыздар арасында өтеді.

Сондай-ақ, спорттық сыйлықтар ұтыс ойыны өтеді.

Жүгіру 8 желтоқсан күні сағат 11:00-де Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде басталады.

Қатысушыларды тіркеу funnysport.kz сайты немесе Instagram-дағы @funnysport.kz  парақшасы арқылы жүргізіледі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button