Қоғам

Діни конфессиялар арасында футболдан турнир өтті

Астанада «Қазақстан футбол федерациясының діни конфессиялар арасындағы достық кубогы» атты футбол турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталмыш іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Қазақстан футбол федерациясының жабық кешенінде үшінші мәрте өтіп жатқан бәсекеге 9 конфессиядан 16 команда жиналды.

«Еліміздегі 18 конфессияның 14-і Астана қаласында бар. Бүгін соның бірқатары қатысып жатыр. Ал кей діни бірлестіктер үшін сенбі қасиетті күн болғандықтан, турнирге қатыса алмады. Бұл іс-шарамыз ел ішінен бөлек, УЕФА тарапынан да қолдау тауып жатыр. Мақсатымыз – футбол арқылы Қазақстан халқының түрлі діни конфессияларының өкілдері арасындағы өзара түсіністікке ықпал ету. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Алматыдан да арнайы келген команда бар. Бірінші турнирімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Алаш» ұжымы чемпион атанса, екінші додада Католик шіркеуінің өкілдері топ жарды», – деді Астана қаласы діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров.

Жыл өткен сайын турнирдің деңгейі де жоғарылап, жүлдеге үмітті командалардың саны артып жатыр. Мысалы, биыл Астанадағы Иса Мәсіхтің соңғы күндері әулиелер шіркеуінің «Лиахона», Әкелер кеңесі, Азия-MIX ұжымдары бірінші рет қатысып отыр.

Діни конфессиялар футболдан бөлек те, өзге спорт бәсекелерінде жиі жолығып, өзара ынтымақтастығын арттырып келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button