Алаяқтар жаңа технологияларды пайдалануға көшті
Бүгінде алаяқтар жасанды интеллект көмегімен кибершабуылдар жасап, азаматтардың құпия деректерін ұрлауға көшкен. Ендеше бұдан қорғану үшін не істеу керек? Алдымен негізгі терминдерге тоқталайық.
Дипфейк деген не?
Бұл – ЖИ-дің көмегімен өңделген фотолар, бейне немесе аудио жазбалар. Аталған технология адамдардың фото, бейнежазбасын жасап, ешқашан айтпаған сөздерін дауыс, бет әлпет қозғалысы арқылы келтіруге мүмкіндік береді.
Мейлі, сапасы жақсы болмаса да, кейбір сервистер дипфейк-бейне немесе аудио жасай алады. Оларды тек бірнеше секундқа созылатын бір сурет немесе дыбыстық жазбаның көмегімен жасауға болады.
Дипфейктердің көмегімен алаяқтар не істей алады?
- банктік шотқа қол жеткізіп, ондағы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырады. Сонымен қатар, сіздің атыңыздан кредит ресімдеу үшін фотоңызды жасанды интеллект көмегімен жасап шығады;
- қайтыс болған адамның деректерін ұрлап, банктік онлайн-қызметтерге және т.б. қол жеткізу үшін оған «жан бітіре» алады.
Дипфейкті қалай ажыратуға және алданып қалмауға болады?
Келесі белгілерге назар аударыңыз: адам көзін біртүрлі жыпылықтатады немесе оның бейнежазбадан шығып кетуі, айтқан сөздерінің жазбамен сәйкес келмеуі, аздап кекештенуі немесе роботқа тән дауыс;
Маңызды: жақыныңыз немесе танысыңыз қоңырау шалып, шұғыл ақша аударуды сұрай ма? Әңгімені аяқтап, оған қайта қоңырау шалыңыз. Сізге алаяқтар емес, шынымен сол жақыныңыздың қоңырау шалғанына көз жеткізіңіз.
Қазақстанда дипфейктер жиі пайдаланыла ма?
Қазақстанда дипфейк технологиясын қолдану арқылы жасалатын алаяқтық фактілері туралы мәлімет жоқ. Дипфейктерді қолданатын киберқылмыскерлерге қарсы күрестің негізгі тәсілі – пайдаланушылардың осындай схемасы туралы хабардар болу және цифрлық гигиенаны сақтау.
Есте сақтаңыз: кепілді кіріске кенелу жолын тек алаяқтар ғана ұсынады. Тіпті дипфейктерді пайдаланбайтын, тек танымал және құрметті адамдардың бейнелерін пайдаланатын мұндай «жарнамаларға» сенуге болмайды. Алаяқтар бүгінгі күні түрлі инвестициялық онлайн-платформаларда ақша табуға шақырады, оған қатысу үшін фейк сайттарда жеке деректеріңізді қалдырып, ұйымдастырушыларға аздаған сома аудару қажет. Мұның бәрі күмәнді схемалар. Ақыр аяғында ақшаңыздан қағылып, алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін.
ҚазақстанРеспубликасыныңҚаржынарығынреттеужәнедамыту агенттігі қаржыұйымдарыныңақпараттыққауіпсіздігін қамтамасыз ету,оныңішіндетұрақтынегіздемобильдікқосымшаларыныңкиберқауіпсіздігінқамтамасыз ету жөніндешараларқабылдайды.
Қазіргі уақытта қаржы ұйымдарының клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету кезінде негізгі фактор ретінде биометрияны пайдалана отырып, екі факторлы аутентификаттауды міндетті түрде қолдану бойынша талаптар енгізілді. Бұл туралы толығырақ Агенттік сайтында жазылған.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.