Шаһар шежіресі
Әнші сапары
Бірнеше мәрте «Алтын дауыс», «Жыл адамы» атақтарының иесі, армян және ресей совет әншісі, Арменияның еңбек сіңірген артисі, Ресей Федерациясының Халық артисі, эстрада жанрында романсты жаңғыртқан әншілердің бірі Рубина Калантарян жақында Санкт-Петербургте 100-ге аяқ басқан шағында өмірден озды.
Целиноград қаласының тұрғындары 1968 жылы 14 ақпанда оның орындауындағы романстар, совет, грек, армян, әзербайжан, араб композиторларының әндерін сүйсіне тыңдаған еді.
Рубина осы сапарында Қазақстанның басқа да қалаларын аралады, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Шахта қаласының көрермендері оның өнеріне риза болды.
«Ленконцерттің» әншісі Рубина Калантарянның есімі шет елдерге де әйгілі, ол көптеген елдерде өнер көрсеткен өнерпаз.
Ғазиза Исахан