Мәдениет

Елордада патриоттық әндер байқауы өткізілді

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының «Рахмет саған, туған ел!» атты VІ қалалық патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. Сайыс оқу ордаларынан келген әкелер мен жасөспірімдері арасында өтті.

Байқау әкелер мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен орындаушылық дағдыларын қолдап, жандандыруды, балаларды әлеуметтендіруде әкенің рөлін арттыру мақсатын көздесе, сайыс барысында бала тәрбиесіндегі әкенің маңызды рөліне ерекше  назар аударылып, отбасы институтын нығайту, сондай-ақ рухани-адамгершілік дәстүрлерді сақтау, отбасылық құндылықтарды қолдауға баса назар аударылды.

Астана қаласының білім беру ұйымдарының әкелері мен жасөспірімдері арасындағы «Рахмет саған, туған ел!» атты VІ қалалық патриоттық ән байқауының финалдық кезеңіне № 15, 26, 28, 29, 37, 40, 73, 78, 84, 86, 90, 92, 98,106 мектептерінің бірлескен шығармашылық ұжымдары қатысты.

Орындаушылардың репертуарында «Атамекен», «Жаса, Қазақстан», «Туған жер», «Алға, қазақ жігіттері» және тағы басқа танымал әндер болды.

Қазылар алқасы құрамында Қазақ ұлттық өнер университетінің көрнекті педагог қайраткерлері, Ұлттық Ұлан оркестрінің, Президенттік орталықтың, қалалық Әкелер кеңесінің өкілдері болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша

I орынды иеленгендер:

Қайым Мұхамедханов  атындағы №90 гимназиясының вокалдық тобы

II орынды иеленгендер:

«Сырбай Мауленов  атындағы №37 мектеп-лицейінің» вокалдық тобы

«Шейх  Халиф Бен Заид Аль-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінің»  вокалдық тобы

III орынды иеленгендер:

№29 орта мектебінің вокалдық тобы

Мухтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясының вокалдық тобы

«Белсенді қатысқаны үшін» дипломының иегерлері – №15 мектеп-лицейі, №26 мектеп-гимназиясы, №28 мектеп-лицейі, №40 мектеп-лицейі, №73 мектеп-лицейі, №78 мектеп-гимназиясы, №92 мектеп-лицейі, №98 мектеп-лицейі, №106 орта мектебі.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button